Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
№147 орта мектепте АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында дебат үйлестірушісі Г.Тұрымбетованың ұйымдастыруымен 8-9 сынып дебат қатысушылары арасында «Бұл палата заңды бұзғаны үшін жеңіл жазалау емес, қатаң жауапкершілік – құқықтық мәдениет қалыптастырудың тиімді жолы деп санайды» тақырыбында дебат өтті.
Дебат қатысушылары заңға бағынушылықты тәрбиелеудің басты құралы ретінде дебатты қолдануды қолдайтындықтарын да жеткізді және де жасөспірімдердің заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі мектептен маңыздырақ екендігіне де тоқталды. Заңға бағынушылықты насихаттау тек мектептің емес, қоғамның ортақ міндеті деп есептейтіндігін айтты.
Аудандық турнирге іріктеліп, қатысушылар анықталды. Алдағы жауапты ойындарға сәттілік тілейміз!








