
Тлеубергенова Гулнур Махамбетовна — мектеп директоры
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны Қызылорда облысы Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№147 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры, Бастауыш сынып мұғалімі
21 желтоқсан 1979 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылы
Білімі:
1998 жылы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж «Бастауыш мектепте оқыту, мектептен, сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы»
2001 жылы Қызылорда Қорқыт Ата атындағы университет «Бастауыш класс мұғалімі»
2012 жылы Болашақ университеті «Педагог -психолог»
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, біліктілік санаты: Педагог-зерттеуші «Бірінші санатты басшы» біліктілік санаты
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік және басқа да наградалармен марапатталған және марапатталған күні
Үйінің мекенжайы: Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылы Күлжан Әуезова көшесі №3 үй
Жалпы жұмыс өтілі: 27 жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 27 жыл
Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтіл: 27 жыл
01.09.1998 жыл Бастауыш сынып мұғалімі №533 бұйрық
01.02.2005 жыл Педагог-психолог 0,5 штат №3 бұйрық
01.04.2013 жыл Педагог-психолог 1 ставка №29 бұйрық
15.11.2016 жыл Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары №11 бұйрық
04.11.2024 жыл «№147 орта мектебі» КММ директоры №151-жқ бұйрық
Өмірбаян
«Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, өз заманына лайық қылып шығаруға» өз үлесін қосып келеді. «Ерінбей еңбектенге бақыт басын иеді» қағидасын ұстанған шығармашыл ұстаз еңбек жолында отбасы, ата-ана, оқушы, ұстаздармен ынтымақтастықта жұмыс жасап өз тәжірибесін бөлісуде аянбай еңбек етеді. Кәсіби шыңдалуының дәлелі, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі — еңбегінің жемісі деп білемін. Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді тани отырып аудандық,облыстық деңгейде білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында сапалы білім және тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген семинарларда шеберлік сынып,тренинг, педагогикалық фестивалінде үздік жұмыстар көрсетіп, өз жұмысында қатысушы оқушылар бойына заманауи мектеп талаптарына сәйкес өзгерістер мен құндылықтар сіңірсе, ата-ана, әкелер одағы мүшелеріне, педагогтарға бала тәрбиесіндегі озық үлгілерді ұсынды. 2007 жылы мектеп жанындағы «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінің лагерь бастығы ретінде жұмыстарын ұйымдастырып облыстық, республикалық байқауға қатысып, республикалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2012 жылы республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсының аудандық,облыстық кезеңінде «Бас жүлде» иеленіп, Республикалық кезеңде «Үздік Психолог-2012» номинациясымен марапатталды, жыл қорытындысымен Облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ ұйымының «ЖЫЛ ЖҰЛДЫЗЫ» номинациясымен марапатталды.
2005-2016 оқу жылдары аралығында аудандық Педагог-психолог мамандары арасында бірлестік жетекші, «Жасөспірімдердің арасында суициалды мінез-құлықтың алдын алу» ЮНИСЕФ жобасы бойынша Педагог-психолог мамандарына Мастер-тренер,
2016-2024 оқу жылдары аралығында аудандық тәрбие орынбасарлары мамандарының арасында бірлестік жетекшілік жұмыстарын атқарып келеді. Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи-ескерткіштерді тану,білу,дәріптеу мақсатында Отырар,Сайрам, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, тұлғаны тану, құрметтеу мақсатында Н.Бекеженов драма театрына спектакль көрсетуге қамқоршылық кеңес демеушілігімен үздік оқушылар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген оқушыларға,үздік педагогтарға саяхат ұйымдастырады. Ерекше қолдауды қажет ететін балаларды «Жүректен жүрекке», «Жұлдызай BI» байқауларына қатыстырып, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі ата-аналарға да психологиялық қолдау тренингтерін өткізіп назардан тыс қалдырмайды. «Сиқырлы психология әлемі», «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»,«Ұлттық құндылық-ұлт болмысы» тақырыбындағы аудандық семинарда озық үлгідегі жұмыстарды тәрбие мамандары,сынып жетекшілеріне әдістемелік жұмыстар ұйымдастыруды жүйелі мақсатына алған. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелде әлеуметтік жоба дайындап, жоба Қызылорда облыстық оқу орталығының «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» әдістемелік жинаққа енді. «Әдістемелік вернисаж» облыстық жобалар алаңына «Оқуға құштар мектеп жобасы-оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолы» тақырыбында жұмыс көрсетіп тәрбие мамандары,кітапханашы, сынып жетекші мамандарына кітап оқуға қызығышылықты арттырудың тиімді әдістерімен бөлісті. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша ұсынылған жобалар жүйелі жоспарланып Оқуға құштар мектеп,Мектеп парламенті, «Ұшқыр ой алаңы» Қабілет дебат клубы, Мектеп театры жобасы, Еңбегі ерен жас өрен, Жасыл ел сақшылары, Ұлттық спорт лигасы жәнеде үйірме жұмыстарына мектеп оқушылары 100 пайыз қамтылуын қадағалау жасап, ұйымдастырып отырады. Қазіргі таңда Сырдария ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуына да аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты ретінде қоғамдық жұмыстарды үйлестіруде.
«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервінің жеңімпазы, алғашқы түлегі!
«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервінің жеңімпазы ретінде білім алып, еңбек жасап жатқан 2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Республикалық кадр резервіне қабылданған үміткерлер тізімін бекіту туралы» №396 бұйрығына сәйкес »2024 жылдың 4 қараша күні №151-жқ бұйрығымен «№147 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
20.11.2024 «Ұстаз Ұлағаты-ұрпаққа өнеге» атты білім саласынан еңбек демалысына шыққан ардагер отбасылардың арасында облыстық байқауды ұйымдастыруда жақсы нәтижемен жұмыс көрсеткені үшін Облыстық білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы мен облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасының Алғыс хатын иеленді.
2025 2-4-қаңтар күндері мақсатты мектеп басшыларына арналған облыстық тәжірибе алаңында көрсеткен шығармашылығы мен қоғамдық белсенділігі үшін «Өрлеу БАҰО» АҚ кәсіби даму институтының Алғыс хатымен марапатталды. Тәжірибе алаңызда «Оқуға құштар мектеп», «Ауыл кеші көңілді» тақырыптарында Сырдария командасы III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Марапаттары
2018 дәстүрлі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы аудандық семинарда үздік сабақ көрсеткені үшін Диплом
2018 дәстүрлі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы аудандық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат
2018 Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада оқушылармен бірге жақсы шара өткізгені үшін кітапхана директорының Алғыс хаты
2018 Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы
2019 «Үздік Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі-2019» аудандық байқауында 2 орын Диплом
2019 «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы облыстық семинарда ата-аналармен жұмыс көрсеткені үшін облыстық оқу орталығының Сертификаты
1.09.2019 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
23.10. 2019 «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету» тақырыбындағы облыстық семинарда әке мен ер балалар арасында шебер сынып көрсеткені үшін Қызылорда облыстық оқу орталығы мен білім басқармасының Сертификаты;
2019 Қызылорда облыстық оқу орталығында «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы өткізілген дөңгелек үстелде «Тарихи тұлғалар және ұлттық руханият» тақырыбында әлеуметтік жоба дайындағаны үшін Сертификат;
26.11.2019 «Заманауи мектеп: құндылықтар мен өзгерістер» тақырыбындағы педагогикалық идеялар фестивалінде жаңартылған білім мазмұны бойынша 50 ата-анаға тренинг ұйымдастырғаны үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты
2019 «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысына 30 жылдығына орай «Тарих.Шындық.Тағылым» тақырыбындағы іс шара ұйымдастырып «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысы медалі
21.09.2021 облыстық білім басқармасының тәрбие мамандарымен конференциясында «Сынып жетекшінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» онлайн шеберлік жұмыс көрсеткені үшін облыстық білім басқармасынң Алғыс хаты
2021 «Қазіргі замандағы тәрбие саласындағы өзекті мәселелер» аудандық семинар-кеңесте шебер-сынып көрсеткені үшін «Алғыс хат»
2021 «Мәңгілік қазақ елі-дарынды жастар мекені» аудан жастары арасында семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Аудандық білім бөлімі Алғыс хат
2021 Республикалық «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» байқауының облыстық кезеңінде шығармашылық жұмыстары үшін Сертификат
2021 Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі Алғыс хат
8.02.2022 Облыстық оқу орталығы «Құндылыққа негізделген тәрбие» тәжірибе алаңында «Оқуға құштар мектеп» жобасын тиімді ұйымдастыру жұмыстарын көрсеткені үшін Сырдария ауданы тәрбие бірлестігінің жетекшісі Сертификат
2022 Қызылорда облысының білім басқармасы Алғыс
2022 Облыс әкімі Құттықтау
2022 облысымыздағы есірткіге қарсы қоғамдық насихатты қалыптастыру байқауына оқушыларды қатыстырудағы жұмыстары үшін Қызылорда облысының полиция департаменті Алғыс хат
2022 білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін мектеп директорының Құрмет грамотасы
2023 «Әдістемелік вернисаж» жобалар алаңында «Оқуға құштар мектеп жобасы-оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолы» тақырыбында жұмыс көрсеткені үшін Қызылорда облыстық оқу орталығы Сертификат
2023 «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім.Саналы ұрпақ. Табысты ұлт» тәрбие орынбасарларының тамыз кеңесінде «Құндылыққа негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын жоспарлау және іске асыру» тақырыбында әдістемелік жұмыс көрсеткені үшін Сырдария аудандық білім бөлімі Сертификат
2024 Қызылорда облысының білім басқармасы Құрмет Грамотасы
2024 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылық-ұлт болмысы» тақырыбында аудандық семинарды ұйымдастырғаны үшін Сырдария аудандық білім бөлімі Алғыс
2024 «Ұстаз Ұлағаты-ұрпаққа өнеге» ардагер отбасы арасында облыстық байқауды ұйымдастыруда жақсы нәтиже Алғыс хат
2025 «Өрлеу» БАҰО АҚ Мақсатты мектеп басшыларына арналған тәжірибе алаңы Алғыс хат
2023 «Сырдария ауданының 95 жылдығы» мерекелік төсбелгі
2024 «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды
Пәндік жарыстар, сайыстар жетістігі
«Үздік өзін –өзі тану» пәнінің мұғалімі-2019» аудандық байқауында 2-орын
Әдістемелік құрал
2019 ISBN 978-601-7951-98-9 «Өзін-өзі тану» пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбындағы әдістемелік құралы жарыққа шықты.
2021 ISBN 978-601-351-017-0 «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа үлгісі» тақырыбындағы әдістемелік құралы жарыққа шықты.
2025 ISBN 978-601-381-603-6 Жаратылыстану пәнінен қосымша жазылған «Жас зерттеушілер» авторлық бағдарлама
2025 ISBN 978-601-351-612-7 «Бастауыш сынып оқушыларының ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру» авторлық бағдарламасы жарыққа шықты
Республикалық БАҚ-тағы мақалалары
2018 Сыр мектебі газетіне «Туған жерін құрметтеу бастамасы» мақаласы жарық көрді
2020 Қызылорда облыстық оқу орталығының «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» әдістемелік жинағына «ТҰЛҒАЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ: КЕШЕ.БҮГІН.ЕРТЕҢ.» тақырыбымен жобасы енді.
2020 «Білім times» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналына «Әке білек,ал саусақ-балалары,қан тамырмен жалғасқан аралары» атты мақаласы шықты
«ULAGATTY USYAZ» республикалық ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналы «Судың еріткіштік қасиеті» тақырыбындағы сабақта оқушылардың функионалдық сауаттылығын арттыру
«Хабаршы»ғылыми әдістемелік журнал №1 2025жыл; «Бастауыш сыныпта оқушыларға педагогикалық қолдау» мақаласы
7. Қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарынан өтуі
7.04.2017 Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсы
4.09.2018 «Денсаулық және өмірлік дағдылар» курсы 24 сағат Сертификат
17.09-23.11.2018 ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 296 сағаттық оқыту курсы Куәлігі
24.08.2019 «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»72 сағат Сертификат
11.12.2020 «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы педагогикалық менеджмент» 72 сағат
2021 «Өзін-өзі тану пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» 36 сағат Сертификат
2022 «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық –зомбылықтың алдын алу» 80 сағат «Өрлеу» БАҰО АҚ
2023 «Келешегімізді бірге өсіреміз: заманауи мектептердегі тәрбиенің тиімді әдістері»
2024 Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енгізілгенін растау Сертификаты
01.11.2024 «Бастауыш сыныптарды білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» 40 сағат «Өрлеу» БАҰО АҚ
29.08.2025 «Мектеп командасының кәсіби құндылығын арттырудағы икемді дағдылар (soft skills)» 80 сағат НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы
29.03.2025 «Бастауыш сыныптарда тиімді оқыту және бағалау» 40 сағат «Өрлеу» БАҰО АҚ
11.04.2025 «Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: бастауыш мектепте оқытудың тиімді тәжірибесі» 80 сағат НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы
Біліктілік санаты: Педагог-зерттеуші
29.11.2024 «Бірінші санатты басшы» біліктілік санаты
