1948 жылы «Казриc» мектебінің Бесарықтағы бөлімшесі ретінде ашылған бастауыш мектептер Балжан сайында, Досбол кепесінде орын тепті.
1949-1951 жылдары мектеп ұстаздарының, ауыл ақсақалдарының ұйымдастыруымен күшімен жеті жылдық мектеп үйі салынды.
1952-1953 жылы Жамбыл колхозының тұрғындарының ұсынысы бойынша мектеп салу жөнінде шешім қабылдады. Мектеп директоры болып Ақәйнек Түменбаев тағайындалды. 1952 жылы Жаңадарияның бойынан сегіз жылдық мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді. Жұмысшы жастар үшін кешкі мектеп қоса ұйымдастырылды.
Жамбыл колхозының халық санының өсуіне, заман талабына сай жаңа мектеп үйін салу жоспарланды. 1967 жылы Ы.Алтынсарин көше бойынан жаңа кабинеттік жүйемен жабдықталған онжылдық мектеп үйі іске қосылды. Жаңа мектепте спорт зал, шеберхана, асхана, кітапхана оқушылардың игілігіне берілді.
1967-1968 жылдары пайдалануға берілген он жылдық мектеп үйі, қоғамдағы өзгерістер кезінен кейінгі, өтпелі кезең аталған ауыр кезеңде, материалдық жаңару, жөндеу көрмеу, қазіргі талап – деңгейіне білім беруге жарамсыз болды.
1997 жылы аудан әкімінің шешімімен 140 орындық бала бақша ғимаратына арналып салынған ғимаратты қайта жөндеп, мектеп үйіне лайықтау міндеті тұрды.
1998 жылы 1 қыркүйек айында қайта жөнделген, компьютерленген сынып бөлмелері бар, жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанаты облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей 2007 жылы «100 мектеп және 100 аурухана» салу жобасына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылып, 360 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп мультимедиялық және информатикалық кабинеттерде интерактивті тақтамен жабдықталып, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына ақпараттық жүйемен жұмыс жасауына мол мүмкіндік берілді.
